Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Нұр себеле – Ұлыстың ұлы күні

22.03.2025, 14:57 158

Бүгін Қазалы қаласының тұрғындары жаңару мен жаңғырудың бастауы, Ұлыстың ұлы күні — Наурыз мерекесін ерекше салтанатпен атап өтті.

Орталық алаңда қазақы киіз үйлер тігіліп, ұлттық спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылды. Сондай-ақ жұртшылық мерекенің сәніне айналған қазақтың ұлттық тағамдарынан, бауырсақ пен наурыз көжеден дәм татты.

Ерекше ұлттық дәстүрлеріміз дәріптелген мрекелік шараға аудан әкімі Мейрамбек Шермағанбет арнайы қатысып, қала тұрғындарын мерекемен құттықтады. Сондай-ақ ескі жылда қол жеткізген жетістіктеріміз бен биылғы жоспарланған жұмыстарды да атап өтті.

Мерекелік шаралар барысында аудан әкімі мен бірқатар зиялы қауым өкілдері және ардагерлер кішкентай бүлдіршіндердің тұсау кесу рәсіміне қатысып, бүлдіршіндерге ақ жол тіледі.

Ұлыс ұлы күніне арналған шара соңы қала өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласып, жиылған көпшілік мерекелік көңіл-күйді сезінді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: