Электрондық цифрлық қолтаңбаны иемденген алаяқтар келесі қадамдарға баруы ықтимал:
– пәтеріңізге кездейсоқ адамдарды тіркеуі;
– көлігіңізді қайта тіркеуі;
– сенімхат ресімдеу және қаржылық құжаттарға қол қоюы;
– нотариаттық мәмілелер жасауы;
ЭЦҚ қолмен жазылған қолтаңбамен тең екенін ескеріңіз. Жоғалған жағдайда оны дереу қайта шығару керек., сонымен қатар құпия сөзді де стандартты құпия сөзден күрделі құпия сөзге өзгерту керек.
Айтпақшы, ЭЦҚ-ны eGov.kz порталы арқылы да, Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы да алуға болады.
«Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕ АҚ Қызылорда облысы
бойынша филиалының баспасөз қызметі
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!