Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Наурызнама онкүндігі қорытындыланды

17.03.2026, 0:15 28

Бүгін Арал ауданының орталық алаңында Наурызнама онкүндігі аясында ұлттық дәстүрлерге сай түрлі мәдени шаралар ұйымдастырылып, тұрғындарға ерекше мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Кешкілік мерекелік концерт өтіп, қала тұрғындары мен қонақтарына әсем ән мен көтеріңкі көңіл-күй тарту етілді.

Аталған концертті Арал аудандық мәдениет үйі, Арал аудандық мәдениет орталығы, Қалалық мәдениет үйі және Жастар ресурстық орталығы бірлесіп ұйымдастырды.

Ұлттық құндылықтарды дәріптеген мерекелік кеште көрермендер арасында ойындар ұйымдастырылып, естелік сыйлық табысталыд. Мерекелік думанды кеш көрермендерге ерекше әсер қалдырды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: