Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Наубайханадағы  егеуқұйрық

02.04.2026, 10:55 46

HALYQLINE.KZ

(Ғибратты  әңгіме)

Наубайханада бір егеуқұйрық жасырынып өмір сүріпті…

Әр түн сайын ол үнсіз ғана шығып, нанның үгінділері мен қалдықтарын жинап, тек күн көруге жетерлік азық табатын…

Ол ешқашан аш болған емес, бірақ ешқашан абыроймен өмір сүрген де жоқ…

Тек жоғарыдан түскен нәрсеге қанағат ететін…

Себебі ол өзін бұдан артыққа лайық емеспін деп ойлайтын…

Бір күні ол бәрін анық көрді…

Наубайшы көшеге шығып, бір қаңғыбас итке бүтін, ыстық, жаңа піскен нан берді…

Сол сәтте егеуқұйрықтың ішінде бірдеңе үзіліп кеткендей болды…

Бұл аштық емес еді… бұл салыстыру болатын…

Бұл мұқтаждық емес еді… бұл қызғаныш еді…

«Неге ол, неге мен емес?» деп өзінен сұраған сайын, оның жүрегіндегі ыза күшейе түсті…

Сол түні егеуқұйрық тамақ іздеген жоқ… ол кек іздеді…

Ол нандарды кеміріп, иленген қамырды бүлдіріп, айналаның бәрін былғады…

Ол мұны өмір сүру үшін емес… жеккөрушілігінің кесірінен жасады…

Ол: «Егер менде болмаса, ешкімде болмауы керек» деп ойлады…

Бірақ жеккөрушіліктің ең үлкен мәселесі ол ештеңе жасамайды… тек қиратады…

Тіпті ол өз иесін де бірге құртады…

Ертесіне таңертең наубайшы бәрін білді…

Ол қақпан қойды… бірнеше сағаттан кейін егеуқұйрық қақпанға түсті…

Жалғыз, тамақсыз, ешқандай шығар жолсыз…

Ал бұл кезде ит қайта келіп, өзіне тиесілі нанын тағы да алды…

ТҮЙІН: Қызғаныш сенің бар нәрсеңді қаламайды… керісінше, сенің сол нәрседен айырылуыңды қалайды…

Ашу-ызамен өзгені құртқысы келген адам соңында әрқашан өзіңді құрдымға жібереді…

Көлеңкеде өмір сүретін адамға өзгенің жарқырап тұрғаны әрдайым түрпідей тиеді…

Өзін дамытпайтын адам… әрқашан еңбектеніп жүрген адамға шабуыл жасаумен өмірін өткізеді…

Бірақ ақырында, өзгелердің жарығын сөндіргісі келген адам өзі қараңғылықта қалады…

Аударған

Амантай  ТОЙШЫБАЙҰЛЫ

Сурет ашық дереккөзден алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: