Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Нәресте мен Әйел

06.11.2024, 9:05 255

HALYQLINE.KZ

Әйел жөргектегі Нәрестенің сүйкімді жүзіне қызыға қарап тұр. Бұйра қара шашы, періштедей күнәсіз мойылдай қара көзі, кішкентай томпақ ерні қолмен сызып қойғандай. Бұл Нәресте Әйелдің осы дүниеде тұңғыш көріп тұрған ең сүйкімді сәбиі еді. Сәби қыз бала екен. Нәрестенің бетінен қанша сүйсең де тоймайтындай, оның иісін иіскеу үшін қанша байлығыңды берсең де еш өкінбейтіндей сүйкімді еді. Кенет: «Маған жолама, сіздің мені еркелететін құқыңыз жоқ» деген дауыс естілгендей болды. Жас Әйел селк етіп жан-жағына қарады. Бөлмеде Нәресте мен екеуінен басқа ешкім де жоқ екен. Әлгі дауыс қайта естілгенде ол Нәрестенің жанына барды. О, Құдай! Жаратқан ием, өзің сақтай гөр! Нәресте сөйлеп жатыр екен.

Нәресте: «Менің жаныма жақындама. Ары тұр!» деді. Әйел жалынып: «Менің балаларымның бәрі ұл. Олар да сүйкімді. Бірақ маған қыз бала олардан артық сүйкімді болып көрінеді. Сондықтан да сенің бетінен бір-ақ рет болса да сүйгім келді» деді. Нәресте қыз: «Сүйгізгім келмейді» деп шырылдап жылай бастапты. Әйел таңданып: «Не үшін?» деп сұрады. «Не үшін екендігін өзіңізден сұраңыз. Өзіңіз білесіз емес пе!» деп нәресте тіптен қатты шырылдапты. Әйел не болғаныны есіне түсіргісі келіп жанталасып жатып есі кіріп, көзін ашыпты. Қараса аурухана төсегінде жатыр екен. Наркоз әсерінен ішкі құрылысы қатты ауырсынды. Таныс дәрігері Әйелге жақындап келіп: «Тез жазылып кетуіңді тілеймін. Жаныңды әрең алып қалдық. Ұмытып барады екем ғой, сенің алдырған балаң қыз бала екен» деп айтты да бұрылып шығып кетті…

Аударған  Амантай  ТОЙШЫБАЙҰЛЫ

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: