Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Н.Нәлібаев: «Халық көтерген мәселелер кезең-кезеңмен шешімін табады»

21.12.2022, 14:00 182

HALYQLINE.KZ  Қызылордалық тұрғындар өз өтініштері мен ұсыныстарын жаңа форматта өткізілген жеке қабылдаулар барысында айтуға мүмкіндік алған.

Президенттің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы өңірде ашық диалогқа негізделген кездесулерде көрініс тапқан. Ауыл-ауылдарды аралған облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев құқық қорғау органдарының бірінші басшыларымен бірге тұрғындармен кездесіп, көкейіндегі мәселелерін тізбектеді және ұсыныс-тілектерін тыңдады.

«Біз қай кезде де ашықтық қағидатын ұстанамыз. Мемлекеттік басшысының Жарлығы және «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыру аясында құқық қорғау органдарымен бірге барлық аудандарды аралап, өзекті мәселелерді бірге анықтадық. Қоғамдық қабылдау кезінде өзім 500-ден аса тұрғынның мәселесін саралап, құқық қорғау органдары басшылары 300-ге жуық халықтың ұсынысына құлақ асты», – деді аймақ басшысы «Бетпе-бет» бағдарламасына берген сұқбатында.

Айта кетейік, жеке қабылдау барысында көмекке аса мұқтаж отбасыларға уақытша баспана беру, денсаулығы қиын балаларға ем алу үшін қайырымдылық қорлары арқылы қаражат үлестіру, көпбалалы отбасыларға азық-түлік себеттерін алып беру, қоғамдық жұмысқа орналастыру сынды өтініштер сол сәтте шешімін тапқан.

Негізінен, ауылда тұратын халықтың негізгі мәселелері инфрақұрылыммен байланысты. Жол сапасын жақсарту, ауыз су жеткізу, газ тарту, интернет орнату, мектеп пен амбулатория салу. Бұл өзекті мәселелерді кезең-кезеңімен шешілуде. Еске салсақ, қазіргі таңда аймақта жақсы деңгейдегі жолдардың үлесін 75 пайыздан 82 пайызға дейін артты. 2023 жылға 36 жобаны қаржыландыру бойынша ұсыныс енгізілді, бұл жолдардың жағдайын 87 пайызға жақсартуға мүмкіндік береді. Қазірдің өзінде аймақта тұрғындардың газ тұтыну деңгейі 68%-ға жетті. Көгілдір отынмен қамту ісінде алдағы жылдары 45 елді мекенге газ тартылмақ. Ауыз су сапасын жақсарту жұмыстарына 100 пайызға жуықтады. Қазіргі таңда 97 пайыз халық орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосылған.Ауылдарды интернетпен қамтуда 230 ауылдық елді мекеннің 210-ы интернетпен толық қамтамасыз етілді. Халық саны 250-ден кем емес 20 шалғай ауылдық елді мекенге кезең-кезеңімен интернет жүргізу жұмыстары қолға алынады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: