Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Мұхтар Мағауин: «Қазақ еселеп көбеюі керек»

11.04.2021, 14:00 677

HALYQLINE.KZ  Қазақ ұлттық сыпатынан айрылса, көп ұзамай қазақ атымен аталатын ел де жер бетінен көшеді. Қалған қарапайым жұрт дәл бүгінгіше итшілеп тағы да біраз тіршілік кешер. Ал өзі мойындамаған, өзі қарсы жұмыс істеген, ақыр түбінде өзі сатып кеткен елдің туы құлаған соң кешегі жандайшап кімге керек, бытқыраған байлығымен бұрынғыша тұра бермейді, ең алдымен солардың көзі жойылады – басқаны айтпағанда, қолындағы қазынасын тартып алу үшін.

Бірақ азғындарының жаза тартқанынан өтіп кеткен елге келер ешқандай пайда жоқ. Күріш орылғанда күрмектің қоса кеткенінен не қайыр. Ішті, сорды, тойды, тиесілі теріс міндетін түгел атқарады. Ендеше, әуелі осы күрмек мәселесін шешіп алған жөн. Яғни, қара орман халқыңыз аман болсын, аман болу үшін арамнан тазарсын, арамнан тазару үшін етек-жеңін жинасын. Манағы сөзімізге қайтып оралсақ – бүгінгі, ұзын саны әжептәуір, бірақ өз елінде ұлттық басымдыққа жете алмай отырған қазақ еселеп көбеюі керек. Сонда ғана өз еліңізде кісі боласыз.

Мұхтар Мағауин

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: