Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Мониторингтік топ күшейтілген режимде жұмыс істеуде

12.04.2021, 16:00 482

HALYQLINE.KZ Бүгін Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары Бектас Нұридинов мониторингтік топпен бірге қаладағы бірқатар адам көп шоғырланатын нысандарды аралап, тұрғындарды карантиндік талаптарды сақтауға шақырып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Бектас Балғабайұлы бастаған мониторингтік топ №3 қалалық емхана мен мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына және «Сбербанк» ғимаратына барды. Аталған нысандарды аралап көрген Бектас Балғабайұлы қауіпсіздік шараларының сақталу деңгейіне қатысты бірқатар сын-ескертпелер айтты.

Аралау барысында тұрғындардың маска тақпауы, мекемелердің антисептик орнына су пайдалануы сынды бірқатар кемшіліктер де анықталды. Соған сәйкес қала әкімінің орынбасары мекеме басшыларына аталған олқылықтарды ретке келітіріп, сақтық шараларын сәт сайын ширатуды тапсырып «Өңіріміздің сары аймаққа енуі сақтық шараларын күшейтіп, жұмыс тиімділігін арттыруымызға себеп болуы керек» – деді.

Айта кетейік, жыл басынан бері меншік нысанына қарамастан қайталама негізде 1 500-ден астам нысандар мен жеке тұрғын үйлер араланып, карантин талаптарын сақтамай той және басқада рұқсат етілмеген іс-шараларды жасаған 89 жағдай тіркеліп, анықтама толтырылып, оның ішінде 54 нысанға құзырлы орган арқылы әкімшілік шаралар көрілді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: