Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Министр Сәтқалиев: Далада түнеу – адамдардың өз қалауы

11.04.2023, 18:10 347

Жаңаөзеннен Астанаға арнайы келген ондаған мұнайшы 10 сәуірде энергетика министрлігі кеңсесінің алдына түнегені белгілі. Олар «БерӘлі Маңғыстау Company» кәсіпорнындағы жұмысынан қысқарған адамдар тұрақты жұмыс беруді талап еткен. Бүгін «Азаттық» радиосы энергетика министрі Министр Алмасадам Сәтқалиевтен наразылыққа қатысушылардың жағдайы туралы ойын білді.

Бұл – ұйымдасқан пикет. Адамдар көрпе-төсегі мен палаткасын алып келген. Олардың негізгі мақсаты – өзіне назар аударту. Бұл – олардың қалауы. Талаптары коммуналдық төлем сияқты нақты болса, ескерер  едік. Менің түсінігімше, акция назар аудартып, ажиотаж жасауға көбірек ұқсайды. Қызметкерлердің жұмысқа кіріп-шығуы қиындады. Сондықтан мемлекеттік орган қызметіне  Жергілікті әкімдік пен «Өзенмұнай»  компаниясы  не істегенін білмейсіздер ғой. Оларға балама жұмыс ұсынған. Біз өз мүддесі үшін азаматтарды пайдаланып , тендер конкурсының заңды нәтижесіне қарсы шыққан жеке компания басшылары емес,  қарапайым адамдар туралы айтып отырмыз. Ал қарапайым азаматтар мүддесін біз мейлінше қорғадық. Наразыларға алдыңғысынан кем түспейтін ұсыныс айтылды. Бірақ көбі одан бас тартты. Ақыры Энергетика министрлігі алдына пикетке шығу туралы шешімге келген. Келіссөз болады.

Журналист:

  • Неге кеше ешкім осыны жиналғандар  алдына шығып, осыны түсіндірмеді?
  • Министр ретінде бұл адамдарды далаға қондыруға неге жол бердіңіз?

Министр:

– Далада түнеу – адамдардың қалауы. Кеше бұл адамдар «Өзенмұнай» компаниясына жұмысқа орналастыруды талап еткен .  Бүгін «конкурстан бас тарттыңдар» дейді. Ертең не айтады? Күтейік. Сіз олардың алдына барғаным мәселесін шешеді деп ойлағаныңызбен, наразылар олай ойламауы мүмкін.  Керісінше ушығып кететін шығар. Менің ойымша, бұл мәселеде ақпарат бұрмаланып жатыр. Сіздерден бейтарап ақпарат таратуды сұраймын.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: