Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Министр: «Ол фильм менің де намысыма тиеді»

26.10.2020, 9:45 552

HALYQLINE.KZ «Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова «Борат-2″ фильмінің шығуына байланысты пікір білдірді» деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

«Екінші фильмнің шыққанын бәрі біледі. Оны елемей жүре алмаймыз. Меніңше, олар шығармашылық адам ретінде өз болымысын көрсете алады. Алайда ондай әрекет адамның ар-намысына, белгілі бір мемлекеттің атақ-абыройына нұқсан келтірмеуі тиіс», – деді Райымқұлова орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Осы орайда министр өзі басқарып отырған мемлекеттік органның қай кезде шара қолдана алатынын түсіндірді.

Фильмді Қазақстанда прокатқа шығару куәлігіне өтініш берілгенде министрлік тиісті шара қолданып, қарсылық білдіре алады. Әзірше, ешқандай ресми өтініштер түспеді. Сондықтан мәдениет және спорт министрлігі шара қолданып жатқан жоқ. Бірақ, Қазақстан азаматы ретінде айтарым, ол фильм менің намысыма да тиеді», – деп атап көрсетті Райымқұлова.

Министрдің ойынша, әлем бойынша көзі ашық әрі ақпаратты дұрыс қабылдай алатын адамдар аз емес. Олар жаңа фильмнің ойдан шығарылғанын жақсы түсінеді.

«Заңда фильмді өз елімізде прокатқа шығармаудың бірнеше тармағы көрсетілген. Әзірше, біз фильмнің мазмұнын толығымен білмейміз. Сондықтан ресми түрде өтініш түссе, оны жан-жақты қарастырамыз», – деді Райымқұлова.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: