Бүгін Ораза айт намазына қатысты ҚМДБ мәлімдеме жасады.
«Қадірлі жамағат!
Сіздерге еліміз бойынша мешіттердің (Жергілікті бас санитарлық дәрігерлердің Қаулысы бойынша рұқсат етілген) аулаларында Ораза айт намазы оқылатындығын қуанышпен жеткіземіз.
Ең бастысы, мешітке келуші мұсылман жамағатын төмендегі сақтық шараларға мән беруге шақырамыз:
– Бетперде (маска) киіп келу;
– Үйден дәрет алып келу;
– Намаздан соң қол беріп амандаспау;
– Намаздан кейін көп кідірмей үйге қайту;
– Жамағатпен оқылатын намазға балиғатқа толмаған балаларды алып келмеу;
– Науқастар мен әйелдердің айт намазына қатыспағаны абзал.
Барша мұсылман қауымын осы жағдайларға түсіністікпен қарауға шақырамыз. Жұқпалы індетті таратпау үшін әр азамат өзінің отбасы, қоғам алдындағы жауапкершілігін терең сезініп, санитарлық талаптар мен мешіт тәртібіне бағынуы қажет.
Барша жамағатты өзі мен отбасының, еліміз бен жеріміздің амандығы үшін Жаратқанға дұға жасауға үндейміз. Алла Тағала жер бетіндегі күллі адамзатты түрлі апаттан сақтап, жұқпалы індеттен аман еткей! Әмин!» делінген аталмыш мәлімдемеде.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!