Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Меруерт Түсіпбаева альфонстар туралы не айтты?

14.01.2025, 11:15 82

HALYQLINE.KZ

Отандық танымал әнші әрі актриса Меруерт Түсіпбаева желіде көпшілікті қызықтырған сұраққа жауап берді. Өнер иесі «альфонс» жігіттер туралы қандай ойда екенін ашып айтты.

Меруерт Түсіпбаева бүгінде қоғамда әйелдің арқасында жағдайын жақсартып алғысы келетін ер-азаматтар өте көп екенін алға тартты. Әнші бұл қазақ жігіттеріне тән қасиет емес екенін айтып, альфонстарды сынап тастады.

Өнер иесі мұндай ер-азаматтарды маңайына жолатпайтынын жеткізді.

«Менің өмірімде альфонстар болған емес. Еркек менен ақша алғысы келіп тұрғанын, менің жағдайымды пайдаланғысы келіп тұрғанын сезсем бірден байланысты тоқтатамын. Негізі қазіргі уақытта ондай адамдар өте көп. Мен көп адаммен араласамын. Сол себепті ондай ер адамдар өте көп екенін айта аламын. Құдай сақтасын бұл жақсы үрдіс деп ойламаймын. Әйелдің арқасында өмір сүріп, әйелдің арқасында жағдайын жақсарту деген мүлдем жақсы емес. Бұл қазақтың жігіттеріне тән қасиет емес», – деді Түсіпбаева Instagram-дағы парақшасында.

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: