HALYQLINE.KZ Қызылорда қаласы №7 өрт сөндіру бөлім қызметкерлері шаһардағы орта білім беру мекемелерінің түлектері арасында Мамандық таңдау бойынша кәсіби бағдарлау жұмыстарын жалғастыруда.
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Көкшетау техникалық институтына түсу бойынша үгіттеу И.В.Панфилов атындағы №5 мектеп-лицейінің түлектерімен жүргізілді. Кездесудің басты міндеті – институт туралы толық ақпарат беру.
Әңгімелесу барысында Қызылорда қаласының №7 өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасары азаматтық қорғау капитаны Нұрлан Байкенжеев Институтқа күндізгі оқу бөліміне түсу тәртібі, оқу шарттары және казармалық жағдайда тұру ережелері туралы айтып берді. Одан әрі қарауыл бастығы азаматтық қорғау капитаны Азамат Дәрушов сөз сөйледі. Ол Көкшетау техникалық институтын 2013 жылы бітіріп, оқуға түсу мен оқудың қыр-сырын жақсы біледі. Мектеп оқушыларына қарауыл бастығы оқуға түсу ережелері, дене шынықтыру нормативтері және жоғары оқу орнындағы Курсант өмірі туралы қызықты әңгімелерін айтып берді.
Өз кезегінде қарауыл бастығы азаматтық қорғау аға лейтенанты Шерзод Адылов жоғары сынып оқушыларымен кездесуде Көкшетау техникалық институтының үгіт-насихат бейнеролигін көрсетті.
Ж.Бақбергенов,
№7 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы,
Қызылорда қаласының аға лейтенанты
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!