Бұрынғы Мәдениет және спорт министрі, Ұлттық музейдің басшысы Арыстанбек Мұхамедиұлы сотта соңғы сөзін айтты. Енді оның қылмыстық ісі бойынша сот процесі аяқталуға жақын. Бүгін Астана қаласындағы Байқоңыр ауданының №2 сотында айыпталушының соңғы сөзі тыңдалды.
Арыстанбек Мұхамедиұлы сот залында өзіне тағылған айыппен келіспеді.
«Мен елдің заңдарын бұзған жоқпын, кінәні толық мойындамаймын. Осыдан тура екі ай бұрын басталған сот процесі мені ғана емес, бүкіл халқымызды менің сөздерімнің растығына сендірді, менің шынайылығымның дәлелі, айыптау актісінің жаңа қорытындысының болуында. Онда прокурор ел заңдарын ұрлау, келісу және бұзу деректерін келтірмеген. Барлық шақырылған куәгерлер ұрлау деректері болмағанын, тіпті айыпталушылар тарапынан заңсыз әрекеттер болмағанын сенімді түрде қайталады»,-деді экс-министр.
Ұлттық музейдің экс-басшысының айтуынша, сот ісі музей ветериналарының, шақыру билеттерінің, буклеттердің, каталогтардың құнына, аудиторлық компания ойлап тапқан деректерге бағытталғанын айтты.
«Құрметті судья, мен кез келген жазаға келісемін, тіпті ату жазасы болса да. Бірақ жымқырды дегенге емес. Қазақта «Өлімнен ұят күшті» деген мақал бар. Мен алпыс жыл лайықты өмір сүрдім», – деп түйіндеді сөзін Арыстанбек Мұхамедиұлы.
Ал оны сот залынан алып бара жатқанда:
– Бір жылда бірде-бір адам мынадай заң бұзушылық болды деп айтқан жоқ. Біз Алтын адамды сақтап қалып, оны елге уақытында алып келдік. Егер сол кезде біздің тарапымыздан әрекет болмағанда, қазір Алтын адамды нақты жоғалтатын едік. Сол үшін төрт адамның ұяты таза. Ешқандай заң бұзушылық болған жоқ. Қазақстан жасасын!, – деді.
Бұл істе бұрынғы министрді қосқанда, төрт айыпталушы бар. Осыған дейін прокурор Арыстанбек Мұхамедиұлын тоғыз жылға, қалған үшеуін сегіз жылға бас бостандығынан айыруды сұраған.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігі Мұхамедиұлы «Дипломат» қонақүйін рейдерлік жолмен басып алды деп күдіктенеді.
Арыстанбек Мұхамедиұлына Астанадағы Ұлттық музейдің директоры болған кезінде «бюджет қаражатын ысырап етті» деген айып тағылған болатын. Ол қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды және «Алтын адамның әлем мұражайлары арқылы өтуі» халықаралық көрмесіне, «Ұлттық мемлекеттік фотограмметриялық 3D сканерлеу», «Қазақстанның киелі нысандары және мұражай қорлары» және «Қазақстан Республикасының Ұлттық цифрлық фильмдер жинағын цифрландыру» жобаларына бөлінген аса ірі көлемдегі қаражатты жымқырды деген күдікке ілінді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!