Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Мемлекет басшысы шиелілік қос азаматқа медаль тақты

28.01.2026, 17:00 61

Бұл туралы Шиелі ауданының әкімі Айтбай Жандарбеков өңірлік коммуникациялар қызметінде берген брифингте мәлімдеді.

Аудан әкімінің айтуынша, Мемлекет басшысының бастамасымен еңбек адамын дәріптеу, өңірлерде адал қызмет етіп жүрген азаматтардың еңбегін бағалау бағытындағы саясат нақты істермен көрініс табуда. Соның айқын дәлелі – Шиелі ауданынан шыққан бірқатар азаматтың жоғары мемлекеттік наградалармен марапатталуы.

Қызылордада өткен V Ұлттық құрылтай барысында да Шиелі ауданынан шыққан азаматтардың еңбегі еленді. Құрылтай аясында «Алтын домбыра» иегері, белгілі ақын Мейірбек Сұлтанхан және қоғам белсендісі, жас көшбасшы Елена Пак «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталып, ел дамуына қосқан үлестері лайықты бағасын алды.

Атап айтқанда, ауданның егін шаруашылығын тұрақты сумен қамтамасыз ету жолында ұзақ жылдар бойы еңбек етіп келе жатқан «Шиелісушар» өндірістік учаскесінің басшысы Дихан Әубәкіров пен «Алтын дән – Шиелі» шаруа қожалығының төрағасы Асқар Бердібаев «Құрмет» орденіне ие болды. Бұл марапаттар ауыл шаруашылығы саласында табанды еңбек етіп жүрген мамандардың еңбегіне берілген жоғары баға ретінде бағаланды. Сондай-ақ Мемлекет басшысының Қызылорда облысына жасаған жұмыс сапары аясында өткен марапаттау рәсімінде жерлесіміз, «Сәт-сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Роза Иманова да «Құрмет» орденімен марапатталған.

Аудан әкімінің айтуынша, мұндай марапаттар – тек жеке азаматтардың жетістігі ғана емес, тұтас өңірдің абыройын арттыратын маңызды көрсеткіш. Сонымен қатар бұл бастамалар жастарды адал еңбекке, жауапкершілікке және елге қызмет етуге ынталандыруға бағытталған.

Сурет: Аудан әкімдігінің парақшасы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: