Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Мектептерді ескертусіз тексеру ахуалды тұрақтандырады» – комитет өкілі

04.02.2026, 10:35 50

Апта басында орталық коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте балалар мүддесін қорғау және балалар мекемелеріндегі санитарлық қауіпсіздікті күшейту мәселелері талқыланды.

Брифинг барысында halyqline.kz редакциясы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Марал Рақымжановаға арнайы сауал жолдады.

«Қазіргі таңда білім беру мекемелерінде улану, ішек инфекциясы секілді жұқпалы аурулар тіркелген соң ғана тексеру басталатыны жасырын емес. Жуырда Үкіметте мектептер мен балабақшаларды ескертусіз тексеру туралы тұжырым қолдау тапты. Бұл тәсіл балалардың санитарлық жағдайын 100 пайыз жақсартуға және аурулардың алдын алуға әсер ете ала ма? Әлде өзге де жүйелі тетіктер қарастырылған ба?» деген редакция сауалына комитет төрағасының орынбасары:

– Қатаң тәртіп енгізілгеннен кейін, бұл тұжырым 1–2 жыл ішінде өз нәтижесін береді деп ойлаймын. Егер кәсіпкерлік субъектілері санитариялық-эпидемиологиялық қызметтен қорықпай, керісінше талаптарды алдын ала орындауға дағдыланса, бұл тексерістер тек заңбұзушылықты анықтаумен шектелмей, ережеге сай жұмыс істеу мәдениетін қалыптастырады. Барлық тексеру жұмыстары жүйелі түрде басталғаннан кейін, ары кетсе 3–4 жыл ішінде елдегі балаларға арналған мекемелердегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуал тұрақтанады, – деп пікір білдірді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: