Облыс орталығында 1 тамыздан бастап «Мектепке жол» республикалық акциясы аясында жергілікті тауар өндірушілердің қатысуымен мектеп жәрмеңкесі өтуде.
Аталған жәрмеңкеге мектеп тауарлары мен оқу құралдары, сондай-ақ жергілікті тауар өндірушілердің мектеп оқушыларына арналған киім-кешектері нарықтағы бағадан төмен ұсынылуда.
Жәрмеңке қыркүйектің 1-не дейін жалғасады.
Мекенжайы: А. Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінің маңы.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!