Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Марафоншыға – бостандық!

28.07.2025, 10:55 140

HALYQLINE.KZ

Есімі жер-жаһанға әйгілі супермарафоншы Марат Жыланбаевтың қазір түрмедегі аса ауыр жағдайы бәрімізді алаңдатып отыр. Әлемдегі ең ірі шөлдердің бәрін кесіп өткен, Қазақстанның атын шығарған, әлемдік Гиннес рекордтар кітабына енген, 62 жастағы спортшының салмағы қазір небары 45 келі болып қалыпты. Қайта-қайта есінен танып жатыр дейді.

Ол соншалықты не бүлдірді?

«Экстрмистік ұйымды қаржыландырды-мыс» деген ойдан шығарылған айыппен 2023 жылы жеті жылға сотталып кете барды. Ол сотталуға тиіс емес-ті. Аттас болғандығымыз болмаса онымен ешқандай жақындығым жоқ. Марафоншы іс жүзінде адал, шынайы патриот жан болғандығына еш күмәнім жоқ. Оның ерік-жігері, қайтпайтын күрескерлік мінезі ерекше құрмет сезімін туғызады.

Ол не істесе де өз елінің келешегі үшін күресті. Әділеттілікті қалады.

Қара басының қамын күйттеген жоқ.

Миллирдтаған қаражатты қымқырған жоқ.

Өз еліне опасыздық жасаған жоқ.

Ол биліктен тек әділетті қадамдар күтті.

Құқық қорғаушы Бақытжан Төреғожинаның айтуынша, оның денсаулығы қазір өте нашар жағдайда! Марат Жыланбаевты түрмеден табытпен шығару міндетті емес! Билікке марафоншыны босату түкке де тұрмайды. Қайта мұндай ізгілікті қадам халық алдында билікке абырой болар еді.

Мейлі ақтау жолымен, мейлі кешірім беру жолымен, мейлі денсаулық жағдайымен болсын ол тез арада түрмеден босатылсын!

Марат Байділдаұлы (Тоқашбаев),

жазушы-публицист.

(Facebook-тегі  парақшасынан  алынды)

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: