Мысал
Ызыңдап ұшып жүрген маса ақырған аң патшасы арыстанның жалына жабысып алады. Орнықты әрі қауіпсіз орында отырғанын біліп арыстан аяқ басқан жердегі аң-құстардың бәріне әлімжетік жасайды. Күш көрсетеді.
Өзінен мың есе үлкен пілге «қаныңды ішемін» деп айқайлайды. Жирафқа жұдырығын түйеді. Шымшықты шапалақпен тартып жібереді. Аюды әкесінен боқтайды. Борсықтың бетіне түкіреді. Жалға жабысқан маса орманды мекен еткендердің әбден мазасын алады. Арыстанның тырнағына іліккен жемтіктің қанын сорып, жылы жерде жатып масайрайды.
Бір күні арыстан абайсызда қақпанға түсіп қалады. Жаралы жыртқышты аңшы мылтықпен атып алады. Терісін сыпырып табалдырыққа төсейді.
Әне, кеше ғана біреудің арқасында айналасына маза бермей әкіреңдеп жүрген қанішер маса, енді бүгін аяқтың астында төсеніш болып тапталып қалады.
Нұрлыбек ЖҰБАТҚАН,
Ақтөбе қаласы
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!