Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Маңызды мәселелер талқыланды

19.06.2024, 8:50 166

HALYQLINE.KZ

Кеше Шиелі ауданы әкімі Нұржан Ахатовтың төрағалығымен мәжіліс отырысы өтіп, күн тәртібінде бірқатар мәселелер қаралды. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Күн тәртібіндегі мәселелер қаралмас бұрын Шиелі ауданының аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Молдабай Дулатов дауыс беру арқылы сайланған Еңбекші, Жаңатұрмыс, Қарғалы ауылдық округі әкімдерін таныстырып, арнайы куәлік табыс етті. Дауыс беру нәтижесінде 651 дауыспен Еңбекші ауылдық округінің әкімі болып Жүсіпов Елдос Айтөреұлы, Жаңатұрмыс ауылдық округінің әкімі болып 484 дауыспен Шәкіртаев Балдаурен Тұрсынбайұлы, Қарғалы ауылдық округінің әкімі болып 362 дауыспен Әбуов Даулетияр Үмбетиярұлы сайланған болатын. Нұржан Сәбитұлы жаңадан тағайындалған ауылдық округ әкімдеріне ауданның экономикалық даму жолындағы қызметтеріне сәттілік тіледі.

Бұдан бөлек, аудан басшысы суға шомылу маусымында су айдындарындағы қауіпсіздікті қатаң бақылауда ұстап, рейд шараларын күшейту, ұялы байланыс сапасын жақсарту мақсатында байланыс операторларымен келіссөздер жүргізу, жанармай бекеттерінде сұйытылған газ тапшылығын болдырмау секілді бірқатар мәселеге тоқталып, жауапты басшыларға нақты тапсырмалар жүктеді. Сондай-ақ, жиында аудандық полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары Ерғали Жандуллаұлы алаяқтық қылмыстардың алдын алу мақсатында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Мұнан соң, жаңадан сайланған ауылдық округ әкімдері ауыл халқына таныстырылып, ақсақалдардың ақ батасы мен қолдауын естіді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: