Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Мал өлексесін тастайтын 150-ге жуық қорым бар

24.01.2024, 22:50 326

Қызылорда облысы бойынша мал өлекселері мен биологиялық қалдықтарды тастайтын 146 мал қорымы бар. Соның ішінде ветеринариялық-санитариялық талаптарға сәйкес 90 типтік жобадағы мал қорымы жасақталған болса, қалған 56-сы – қарапайым шұқырлар. Дегенмен, аймақтағы эпизоотиялық ахуалдың тұрақты болуына байланысты өңірде тіркелген мал саны өткен жылмен салыстырғанда 0,6 пайызға артып отыр. Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық ветеринария басқармасының басшысы Шахмардан Қойшыбаев хабарлады.

– 2023 жылы барлығы 465,2 мың бас жануар бірдейлендіріліп, ақпараттық жүйеге енгізілді. Ал биыл «Ветеринария туралы» ҚР Заңына сәйкес, 498,3 мың дана құлақ жапсырмасын сатып алу жоспарлануда. Қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу конкурсы жүргізілуде. Бұдан бөлек, осы жылы бруцеллез ауруына қарсы барлығы 1956,5 мың бас жануарға диагностикалық тексеру жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр. Бүгінде облыс көлемінде аса қауіпті аурулар тіркелген жоқ. Эпизоотиялық жағдай тұрақты, – деді Шахмардан Қойшыбаев.

Фото: Aikyn.kz

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: