Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Майдангер, ардагерлерге құрмет көрсетілді

09.05.2022, 12:00 371

Ұлы Жеңістің 77 жылдығына орай, Сыр елінің ардагерлеріне құрмет көрсетілді. «Жеңіс» мерекесі тұсында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Пазилов Сабит Бексеитұлы, медицина қызметкерлері ардагерлер Кеңесінің төрайымы Көзденова Раиса Әбдешқызы және «SENIM» денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Асылхан Абылайханұлы ҰОС ардагері Колесник Любовь Сергеевнаның шаңырағында болып, майдангер мейіргерді мерекемен құттықтап, құрмет көрсетті.

Сонымен қатар сала ардагерлері Тұрғанбай Маханұлы мен Хадиша Омарованы да арнайы құттықтап, мерекелік лебіздерін білдірді.

Колесник Любовь Сергеевна 1925 жылғы 4 тамызда Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс қаласында әскери қызметшілер отбасында дүниеге келген. Жұбайы Николай Севастьянович Колесник те – соғыс ардагері. Жергілікті медициналық техникумда оқып, кәмелет жасқа толысымен 1944 жылы әскер қатарына шақырылған.

Соғыс кезінде Белорусь фронтының дала госпиталінде медбике қызметін атқарып, ержүрек батылдығымен көзге түскен. Соғыс аяқталған соң госпитальда жұмыс істеді.

1945 жылдың қыркүйегінде елге оралып, сол жылы Қызылорда қаласындағы локомотив депо медпунктіне фельдшер болып жұмысқа орналасты. Осы қызметтен зейнетке шыққан.

Любовь Сергеевна 2 ұл, 1 қыз тәрбиелеп өсірді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: