Бүгін қалалық мәдение және демалыс паркі аумағында «Наурызнама» онкүндігінің «16 наурыз – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күніне» орай ұйымдастырылған «Санамызды сергіткен салт-дәстүрім — Наурыз» атты мерекелік концерт өтті.
Шарада ұлттық өнеріміз дәріптеліп, әсем ән мен күмбірлеген күй, мың бұралған би көрерменге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Халқымыздың ғасырлар бойы сақталып келе жатқан салт-дәстүрлері насихатталып, ұлттық құндылықтардың маңызы кеңінен дәріптелді.
Бірлік пен берекені арттыратын осындай игі шаралар жалғаса береді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!