Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Мәдениет қызметкерлері балық аулап жарысты

21.04.2025, 16:25 480

HALYQLINE.KZ

«Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында Арал ауданы, Қарашалаң елді мекенінің тумасы, еңбек ардагері, балықшы Құлақан Дәрібаевтың 125 жылдығына арналған «Айдынды Арал теңізім» атты мәдениет қызметкерлері арасындағы облыстық балық аулау жарысы өткізілді. Тұңғыш рет ұйымдастырылған мұндай іс-шараны «Қарашалаң ауылдық клубы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының көркемдік жетекшісі Айгүл Күзенова ұйымдастырды. Қыз баласы болса да, ерлерге тән мінезі бар А.Жаңабергенқызына жұртшылық тәнті болды.

Жарысқа Жаңақорған, Шиелі, Қармақшы, Жалағаш, Сырдария, Қазалы, Арал аудандарынан талапкерлер қатысты. Нәтижесінде I орынды (100 мың теңге) Қармақшы ауданы (Байғараев Р, Мырзабеков С), II орынды (70 мың теңге) Шиелі ауданы (Мұсаев Д, Елтай Е), III орынды (50 мың теңге) Сырдария ауданы (Темірханов А, Советов А) иеленсе, ең үлкен балық ұстағаны үшін «BIG FISH» номинациясы (30 мың) Қармақшы ауданының қатысушысы Руслан Байғараевқа бұйырды. Ал қалған командалар ынталандыру сыйлықтарымен (20 мың теңгеден) марапатталды. Аталмыш байқауда Құлақан Дәрібаев атамыздың ұрпақтары жүлделі орын және номинация бойынша жеңімпаздарды марапаттады. Ауыл кәсіпкерлері де өз демеушіліктерін жасады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: