Осы тақырыпта Тұңғыш Президент саябағында ескі де есті әуендер әуелеген тамаша кеш ұйымдастырылды. Қала күні мерекесі аясында өткен жанды дауыстағы дәстүрлі ретро-фестивальге аймаққа белгілі 5 вокалды аспапты ансамбль қатысты. Ашық аспан астындағы мәдени шара қала өнерпаздарының тақырыптық қойылымымен басталды.
Өнер кешіне арнайы келген қала әкімінің орынбасары Дархан Тұрсынбаев қала тұрғындарын шаһардың төл мерекесімен құттықтап, қатысушы ансамбльдерге сәттілік тіледі. Сондай-ақ, қаламыздың мәдени-рухани тынысына дем берген бірқатар өнер майталмандарына және қатысушы ансамбль жетекшілеріне шаһар басшысының арнайы алғыс хаттары мен естелік сыйлықтарын табыстаған қала әкімінің орынбасары Дархан Есалыұлы дәстүрлі өнер мерекесі жемісті болсын деген лебізін білдірді.
Ары қарай кеш көрігін қыздырған Жаңақорған ауданы, Келінтөбе ауылының «К 4», Қазалы ауданының «5-ші аймақ», Сырдария ауданының «Достар», Жаңақорған ауданының «Экспресс», А.Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйі жанынан құрылған «Мереке» вокалды аспапты ансамбльдері қала тұрғындарына керемет көңіл-күй сыйлады.
Дәстүрлі фестиваль жыл өткен сайын ауқымын кеңейте бермек.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!