Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

“Жаңа Қазақстан: Жасампаз ел мұраты” байқауы өз мәресіне жетті

26.11.2025, 13:50 103

Қызылорда қаласында «Жаңа Қазақстан: Жасампаз ел мұраты» атты мәдени-үгіт топтарының дәстүрлі байқауы өтті.

Бұл шара мәдениет саласындағы шығармашылық ізденістерді арттыруға, жаңа идеяларды қоғамға жеткізуге және мәдени үгіт жұмысын жандандыруға бағытталған маңызды оқиға болды.

Байқауға Қызылорда қаласы мен облыстың әртүрлі аудандарынан мәдени-үгіт топтары қатысты. Шара барысында қатысушылар өз шығармашылық мүмкіндіктерін паш етті.

Қазылар алқасы барлық қатысушылардың өнерін мұқият бағалап, төмендегідей нәтижелерді жариялады.

III орын – Шиелі ауданы «Сыр маржаны», Қазалы ауданы «Жібек жолы – Қазалы», Қызылорда қаласы «Бірлік»;
II орын – Жаңақорған ауданы «Дала жұлдыздары»;
I орын – Жалағаш ауданы «Арай»;
Бас жүлде – Арал ауданы «Көңілашар».

Жеңімпаздарға арнайы дипломдар мен ынталандыру сыйлықтары табыс етілді. Байқау қатысушылардың шығармашылық әлеуетін арттыруға, мәдени үгіт саласындағы жаңа бағыттарды дамытуға және қоғамға жаңа идеялар мен бастамаларды жеткізуге үлкен үлес қосты.

Шараның өзектілігі – мәдени үгіт жұмыстарының сапасын арттырумен қатар, өңірдегі талантты жастар мен шығармашылық топтарды қолдауға бағытталғандығында.

Осылайша, байқау тек жеңімпаздарды анықтаумен ғана шектелмей, мәдениет саласының дамуына серпін беретін маңызды алаңға айналды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: