HALYQLINE.KZ С.Айтбаев атындағы көркемсурет галереясының архивінде баға жетпес көптеген байлықтар бар. Біз бұған дейін авторы белгісіз Абай портретінің Сыр елінде сақталғаны туралы жазғанбыз. Бүгін де танымал тұлғалар бейнесінен алыстамаймыз. «Қылқалам құдіретімен қауышсақ…» атты айдарымызды Валерий Кузенковтың «Жамбыл Жабаев пен Тұрмағамбет Ізтілеуов» деген картинасымен жалғастырмақпыз.
Валерий Кузенков (1922-1982) Ресей мемлекетінде дүниеге келген. 1950 жылдары Қазақстанға жер аударылған. Қызылорда қаласында сурет салумен айналысқан.
Суретші картинада Жамбыл Жабаев пен Тұрмағамбет Ізтілеуовтің кездесу барысын бейнелеген. Шығарма кенеп бетіне майлы бояумен орындалған. Ж.Жабаев (1846-1945) – қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы, өлең-сөздің дүлдүлі болса, Тұрмағамбет Ізтілеуов (1882-1939) – халық ақыны, аудармашы. Автордың негізгі ойы – қазақтың жанашыр, шыншыл тұлғаларын бейнелеу.
Валерий Кузенков,
«Жамбыл Жабаев пен Тұрмағамбет Ізтілеуов»
1961 ж.к., м.б. 100х120
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!