Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Жайсаң дала» концерті өтті

09.02.2026, 18:10 76

Бүгін Өнер орталығында Қызылорда облыстық филармониясының әртісі, Халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаты Заманбек Нысанбаевтың «Жайсаң дала» атты жеке шығармашылық концерті өтті.

Ұлттық музыка кешін️ «Ақмешіт» фольклорлық ансамблі, (Көркемдік жетекшісі – Айдар Мақсұтұлы)
«Қорқыт сазы» қобызшылар ансамблі, (Көркемдік жетекшісі – Айнуза Бегімсалова) әсем сазымен әрлеп, көрерменге бояуы қанық, ұлттық әуезге толы музыка мерекесін сыйлады. Тыңдармандар концертте Домбырашылар ансамблінің өнерін тамашаласа, «Томирис» би ансамблі кеш бағдарламасын бимен көркемдеп, көрермен көзайымына айналды. Концертте жас орындаушылар Рано Сабанкулова – қобыз аспабында, Ақнұр Аманбаева – жетігенде, Даниил Шин күйсандықта кеш иесімен бір тандемде шығарма орындап, өнер мерекесінің көркін қыздырды.

Заманбек Нұрланұлы– қазақ халқының ұлттық көне көз аспаптары домбыра, сыбызғы, сазсырнай, адырна, шаң қобызды еркін меңгерген талантты музыкант. 9 жасынан өнерге қызығушылығы оянған ол, бүгінде әлемнің бірнеше мемлекетінде, республика төңірегінде өткен өнер сапарларына қатысып, өз мүмкіндіктерін көрерменге көрсетіп келеді.

Кеш соңында барша тыңдарман өнер иесімен суретке түсіп, гүл шоқтарын табыстады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: