Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Залдағы аншлагтың бәрі – деңгей емес

03.03.2025, 15:20 67

HALYQLINE.KZ

Көктем келді. Көктемге ере келер мерекелерге орай кинтеатрларда түрлі отандық фильмдердің премьерасы да қатар өтеді. Олардың дені комедия екендігі айтпаса да түсінікті. Күлкі жақсы әрине, егер өнер деңгейінде күлдіре алсаң… Бірақ өкінішке қарай, біздегі күлкінің сиқы сол, күлдіреміз деп арзан әзілдің айналасынан алыстай алмайтынымыз. Одан қала берді қазақ тілін қор етіп, шала қазақшамен дүбәралықты дәріптеп, боғауыз сөзбен бейнелі өнер тудырғымыз келетіндігі. Осыдан кейін «Қазақ киносының көсегесі қашан көгерер екен?» деп дәмеленуіміз қаншалықты орынды? Өнерді өрістететін – ең әуелі өресі. Ал залдағы аншлагтың бәрі – деңгей емес.

Назерке  ЖҰМАБАЙ,

«Egemen Qazaqstan» газетінен алынды.

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: