Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

“Сыр сазгерлерінің сазды сәлемі” мерекелік концерт өтті

08.10.2025, 1:18 166

Ғасырлық белес – тек өткенді еске алу емес, бұл – мәңгілік ел мұратын жалғайтын маңызды кезең. Сол бір тарихи сәттің рухын бүгінгі ұрпаққа сезіндіріп, сүйікті шаһарымыздың тағылымды өткені мен заман көшімен бірге самғаған бүгінгі жетістіктерін саз тілімен сөйлететін Сыр сазгерлері – тарихтың тірі шежіресі.

Олардың әрбір әуені – туған жерге деген махаббаттың үні. Олардың әрбір әні – Сыр елінің жүрек лүпілі.
4 қазан күні А.Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет Үйінде өнерге өмірін арнап, халық жүрегінен орын алған сол қайталанбас дарындар сазды сәлем жолдап, жүрек түкпіріндегі көркем өнермен, нәзік сезіммен, сырлы сағыныштарымен бөлісті.

Атап айтар болсақ, Алашқа белгілі композитор, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан композиторлар Одағының мүшесі Рамазан Тайманов бастамашы болған шараға Ермекбай Әдікенов, Гүләйім Жотаева, Талғат Нағашыбаев, Ғайния Дауылбаева, Ләйлә Сүйінбаева, Бақытбек Махамбет, Сәбит Ұлықпанұлы, Индира Елубаева, Үкітай Ерниязов сынды танымал композиторлар қатысып, әндері шырқалды.

Қызылорда қаласының астана болғанына 100 жыл толуына арналған шаралар легі әлі де толастамақ емес.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: