Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Сыр сахнасында жыр жәрмеңкесі

30.04.2025, 17:20 289

Қазанғап атындағы жоғары музыкалық колледжі «Дәстүрлі ән, жыр» бөлімінің ұйымдастыруымен  Сыр бойындағы жыршылық,  жыраулық дәстүрді насихаттау мақсатында жыраулар үйінде жыр кеші өтті.

«Термеден тәлім тарайды» атты жыр кешінде Қазанғап атындағы жоғары музыкалық колледжі «Дәстүрлі ән  жыр» бөлімі студенттері өнер көрсетіп, жырдан шашу шашты.

Жыр жәрмеңкесінде жас өнерпаздар Балауса Жанғали, Айша Олжабаева, Олжас Алтынбек, Сағидулла Бердалы, Абумансұр Ахмет тыңдарман қауымға өнер мерекесінің сүбелі сыйын тарту етті.

Асқар Қожахметовтың «Қош болып тұр Қазақстан аймағым»  толғауын республикалық, халықаралық конкурстардың лауреаты, Қазанғап атындағы жоғарғы музыкалық колледжінің 4-курс студенті Қарақат Әбдікәрім орындады.

«Дәстүрлі ән, жыр» бөлімінің 2-курс студенттері Абылай Құнанбайұлы, Айәсем Мүлкаманова, Берікбол Төремұрат, Ақтеңге Рысбек, Дидар Сүгіралиев, Жанерке Ерғабыл, Толғанай Алдан ән-жырдан шашу шашты.

Жыршының ауқымды дастандарының бірі «Қыз Жібек» лироэпостық дастаны.  Бұл дастанның ұзақтығы да,  оқиға желісі де өте күрделі. Батырлық жырлардан ғашықтық жырлардың ерекшелігі мұнда қос ғашықтық бір біріне деген адалдығы,  сертке беріктігі,  ғашықтардың шексіз сұлулығы сипатталады. Кеште Аяулым Абдумәжит «Қыз Жібек» дастанынан үзінді орындады. Өз кезегінде «Дәстүрлі ән-жыр» бөлімінің 3-курс студенттері Дәулетбек Бақытбек, Сержан Әмір, Альфия Тажтай, Жанұзақ Рысбек, Нұрай Тобаш тарихи мән маңызға ие жырлар орындады.

Кеш қорытындысында Қазанғап атындағы жоғарғы музыкалық колледжінің директоры Мүслім Әмзе, жыраулар үйінің директоры Амандық Қуандықұлы сөз сөйлеп, сыр сахнасындағы жыр жәмеңкесі жоғары деңгейде өткенін атап өтіп, жылы лебізін жеткізді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: