HALYQLINE.KZ Биыл – халық жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері Шыңғыс Айтматовтың 95 жылдығы. Осыған орай, бүгін Н.Бекежанов атындағы облыстық қазақ академиялық музыкалық драма театрында махаббат пен достықтың айқын көрінісі бейнеленген жылдың алғашқы премьерасы «Жәмилә» туындысы сахналанады.
Брифинг барысында қойылым режиссері Дина Жұмабаева «Жәмиләнің» басты жаңалығымен бөлісті.
– Бұл шығарма Шыңғыс Айтматовтың ең алғашқы туындысы және әлемнің 150 тіліне аударылған. «Жәмилә» шығармасы Данияр мен Жәмилә арасындағы тәтті махаббат арқылы оқырман қауымды өзіне баурап алды. Осы әсерлі туындыны театр саханасында шынайы көрсету үшін барымызды салып жатырмыз. Бүгінгі премьераның басты ерекшелігі – қойылымға Ш.Айтматовтың көркемдік стилін қостым. Сондай-ақ, спектакльде ерекше суреттерде көрініс табатын болады. Әртістер өздерінің рөлдерін жетілдіріп, көрермендерге эмоция сыйлайды деген ойдамыз, – деді Ғ.Мүсірепов атындағы академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының режиссері Дина Жұмабаева.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!