Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Сыр мәдениеті – ұлттың мәйегі

23.08.2022, 9:30 625

400-ден аса мәдениет және өнер мекемесі халыққа қызмет көрсетеді

HALYQLINE.KZ Қызылорда облысы бойынша 409 мәдениет және өнер мекемесі халыққа мәдени қызмет көрсетеді (Оның ішінде: 209 кітапхана, 171 мәдениет үйі мен клубтар, 14 музей, облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығы, Н.Бекежанов атындағы қазақ академиялық музыкалық драма театры, облыстық филармония, тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау мекемесі, 11 архив мекемесі). Бұл туралы облыстық мәдениет және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

 Қазіргі таңда облыс бойынша 6 мәдениет нысанының құрылысы жүргізілуде. (Қармақшы ауданы – Қуаңдария, Жаңақорған ауданы – Өзгент, Жайылма, Қазалы ауданы – Кәукей, Қызылорда қаласы Талсуат және Қарауылтөбе елді мекендеріндегі ауылдық клубтар).

Сонымен қатар, Қызылорда қаласынан көпсалалы Өнер кешенінің құрылысы басталды.

2022 жылдың есепті мерзімінде облыс мәдениет үйлері мен клубтарда 3 775 мәдени іс-шара ұйымдастырылып, оған 544 935 көрермен қамтылды. Оның 835-і онлайн режимде өткізілді, қаралымы 112 393 көрерменді құраған.

Сонымен қатар, облыс көлемінде жас таланттарды табу, олардың шығармашылығын шыңдау, өнеріне қолдау көрсету мақсатында 6 республикалық, 1 аймақтық, 42 облыстық байқау-фестивальдер, мүшәйралар мен ақындар айтыстары ұйымдастырылса, спорт саласы бойынша 1 халықаралық турнир, 9 Қазақстан Республикасының чемпионаты мен кубогы (волейбол, топтық эстетикалық гимнастика, тоғызқұмалақ, құсбегілік, конькимен мәнерлеп сырғанау, велоспорт, ауыр атлетика, грек-рим, еркін және әйелдер күресі, футбол), 20 республикалық және 87 облыс біріншіліктері мен турнирлер ұйымдастырылып оған 17 756 спортшы қатысытырылған.

Халық қаhарманы Р.Бағланованың 100 жылдық мерейтойына арналған «Ақмандайлым» атты республикалық әншілер конкурсы ұйымдастырылып, Қызылорда қаласында еңселі ескерткіші ашылғанын көпшілік жақсы біледі.

Әнші-композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Батырхан Шөкеновтің 60 жылдығына орай әнші шығармашылығын насихаттау, қазақ эстрадасына жаңа есімдерді шығару мақсатында 2022 жылдың мамыр айында «Отан-Ана» атты республикалық әншілер конкурсы және «Батырдың ән мұрасы», «Ән-жүрек, ән-ғұмыр» атты еске алу кештері, жастардың қатысуымен концерттер және Халықаралық би күніне арналған ІІ Республикалық «Ақкербез» би конкурс-фестивалі өткізілді.

Сырдария ауданында композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Рамазан Таймановтың әндерін орындаушылардың «Қазақ қызы» атты республикалық әншілер конкурсы өткен.

Халық жазушысы, Қазақстанның Еңбек Ері, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Әбдіжәміл Нұрпейісовті еске алуға арналған «Ұлт әдебиетінің абызы» атты еске алу шарасы, ақын, Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі  Дүйсенбек Аяшұлының 60 жасқа толу мерейтойына арналған «Өлең – жырдың жүйрігі» атты шығармашылық кеші  ұйымдастырылды.

Н.Бекежанов атындағы қазақ академиялық музыкалық драма театрында есепті мерзімде 118 спектакль көрерменге ұсынылып, 32929 көрермен қамтылды. Оның ішінде 47-сі – драмалық спектакль, 71-і – балалар арналған қойылымдар.

Сондай-ақ, «Екі қожаға бір қызметші» комедиясының және жастарға арналған 3 лабораториялық, 2 балаларға арналған қойылымдардың  премьерасы өтті. Театр ұжымының Шымкент, Ақтөбе қалаларына гастрольдік сапарлары ұйымдастырылды. Театр жанынан ашылған «Сыр әзілі» әзіл-сықақ отауы Ақтөбе қаласында өткен республикалық әзіл-сықақ театрларының фестивалінде жүлделі І орынды иеленді.

Облыс кітапханалары миллионнна аса оқырманға қызмет көрсетті

Облыстық филармонияда барлығы 103 концерт өткізіліп, оған 29 212  көрермен қамтылды. Оның ішінде 7 – қайырымдылық іс-шара, 21 – гастрольдік концерт. Филармония өнер ұжымдарының Өзбекстанның Сухандария, Самарқанд, Навои қалаларында, Шымкент, Ақтөбе, Алматы қалаларында және облысымыздың Арал, Қазалы, Қармақшы, Сырдария аудандарында гастрольдік концерттері ұйымдастырылған.

26 маусым күні Орталық алаңда облыстық филармония өнер ұжымдары мен жеке орындаушылардың маусымдық жабылу концерті  өткізілді.

Облыс кітапханалары 2022 жылдың 7 айында 156 451 оқырманға  қызмет көрсетті. Келушілер саны 1 090 448, кітап берілімі 2 501 720 дананы құрады. Кітап қоры 4 516 938, оның ішінде мемлекеттік тілде – 2 479 019.

Есепті мерзімде облыс кітапханалары 5 911 дана жаңа әдебиетпен толықтырылды, оның ішінде қазақ тілінде 4 784 дана.

 «Кітапхана қорларын цифрлау» бағдарламасы аясында 14 111 кітап (3 191 227бет) цифрлық форматқа көшірілді.

 «2022 жыл – Балалар жылына» орай Ә.Тәжібаев атындағы облыстық кітапханада балаларға арналған «Еркетай» балалар алаңы ашылған.

Қазақтың ұлы жазушысы, қоғам қайраткері М.Әуезовтің 125 жылдық мерейтойына орай «Заманымыздың заңғар жазушысы» атты оқырмандар конференциясы, «Мұхтар Әуезов – қазақ әдебиетінің тарланы» атты кітап көрмесі, «Қазақ әдебиетінің жарық жұлдызы» атты танымдық кеш ұйымдастырылды.

Сонымен қатар, облыстық кітапхананың ұйымдастыруымен «Елге сәлем»,  «Өнегелі өмір» жобалары аясында кездесу кештері, аудандық байқаулар және «Цифрлық дәуір талабы – заманауи кітапхана» тақырыбында кітапханашыларға арналған облыстық семинар өткізілген.

23 сәуір – Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне орай кітап фестивалі ұйымдастырылды.  

Мәдениет және өнер саласы қызметкерлерінің «Рухани Қазына – 2022» республикалық байқауында Жалағаш ауданы, Аққұм ауылдық кітапханасы «Үздік ауылдық маңызы бар кітапхана» номинациясы бойынша жеңімпаз атанып, 1000000 теңге қаржылай сертификатты иеленіп, көпшілікті бір қуантты.

Музейде қанша экспонат бар?

Облыс музейлерінің жалпы қоры 153 244 экспонатты құрайды. 2022 жылдың 7 айында музейлер қоры 2 861 экспонатпен толықтырылған.

Есепті мерзімде облыс музейлері бойынша 5 822 экскурсия, 519 лекция, 401 көрме ұйымдастырылды, келушілер саны 114 727  адамды құрады. 

Жыл басынан бастап «Музей радиосы», «Жас өлкетанушы», «Тұлғатану», «Құнды жәдігер», «Жәдігербаян», «Музей энциклопедиясы», «Музей Тур» және аудандық музейлерде «Бұл үйде кім тұрған?», «Тарих көмбесі» музейлік жобалары жүзеге асырылуда.

ЖОО студенттерін және NEET санатындағы жастарды, мектеп оқушыларын отансүйгіштікке баулу, бос уақыттарын тиімді әрі пайдалы өткізу мақсатында «Музей тур» музейлік жобасы аясында ежелгі Бәбіш мола, ортағасырлық Жанкент, Сығанақ, Қышқала қалашықтарына, ел тарихындағы белгілі тұлғалар Қалқай ишан, Ер Сейітпенбет әулие, Бұқарбай батыр, Жанқожа батыр, Садық ахун, Жетес би, Қожан Қожа, Қайқы батыр, Мұңайтпас Лапин, Оқшы ата, Қорқыт ата кесенелеріне тарихи-танымдық экскурсиялар ұйымдастырылған.

«Ұлттық Рухани жаңғыру» ұлттық жобасы аясында «Ұлағатты ұрпақ» мәдени білім беру бағытын іске асыру мақсатында және «Бейнелеу бағыты» бойынша С.Айтбаев атындағы Көркемсурет галереясында суретші-кескіндемешілер Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Баймағанбет Есіркепов пен Аралбай Ордабаевтың шығармашылық туындаларынан «Ұмытылмас тұлғалар» атты көрме өткізілді.  

«Құнды жәдігер» телевизиялық жобасы аясында «Батыр мұрасы», «Қоссаз домбырасы», «Асанас қаласының жәдігерлері», «Жаңғырған әшекейлер» атты тарихи-танымдық телехабарлар және «Жәдігербаян» жобасы аясында «Шашқап», «Нарқобыз», «Чайка», «Тұсаукесер» атты бейнематериалдар облыстық телеарна мен әлеуметтік желі арқылы көрермен назарына ұсынылған.

Сыр өңірінің зергерлік өнерін насихаттау мақсатында «Қазақстанның мәдени астанасы» мәртебесін иеленген Көкшетау қаласында облыстық музейдің зергерлік бұйымдар коллекциясынан «Зергерлік бұйымдар – ұлт жақұты» атты этнографиялық-танымдық көрме ұйымдастырылды.

Облыс көлемінде 556 тарихи-мәдени мұра нысандары мемлекет қорғауына алынған, оның ішінде 30-ы республикалық, 257-сі жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілген, 269-ы алдын-ала есепке алынған тарихи-мәдени мұра нысандарының тізіміне алынған.

Тарихи-мәдени мұраларды сақтау, қорғау, пайдалану мақсатында биылғы жылы ежелгі Бәбіш мола, Сығанақ, Жанкент қалашықтарына археологиялық қазба жұмыстары жүргізілуде.

Қанша архивтік құжат цифрландырылды?

2022 жылдың 7 айында облыстың архив мекемелеріне 7 824 сақтау бірлігіндегі құжаттар мемлекеттік сақтауға қабылданды.

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында архивтік құжаттарды цифрлау жұмыстары жалғастырылуда. Есепті мерзімде архивтік құжаттардың 10 645 сақтау бірліктері (1 102 337 парақ) цифрландырылған.

«Құжаттардың бірыңғай электрондық архиві» ақпараттық жүйесі бойынша архивтік құжаттарды автоматтандырылған ақпараттық жүйеге енгізу жұмыстары жүргізілуде. 2022 жылдың 6 айында 19 қордың 8 621 сақтау бірлігі (766 676 парақ) аталған жүйенің деректер базасына енгізілді. 2021 жылдан 68 қордың 18 727 сақтау бірлігі (1 630 270 парақ) ақпараттық жүйеге енгізілді.

Облыстық және аудандық бұқаралық ақпарат құралдарында 22 мақала жарияланды. Облыс тарихындағы даңқты оқиғалар мен атаулы күндерге арнап архив қоры құжаттарынан 25 көрме әзірленген.

«Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» бағдарламалы мақаласы аясында халықты архив қорындағы тарихи құжаттармен таныстыру және құжаттардың қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында «Құжаттар сөйлейді» жобасы жүзеге асырылып, 17 мәлімет Facebook, Youtube әлеуметтік желілеріне жарияланды. «Тарих толқынында» айдары бойынша облыс тарихына қатысты 4 дерек дайындалып, Facebook әлеуметтік желісіне жарияланды.

2022 жылдың 6 айында облыс архивтеріне азаматтардың әлеуметтік-құқықтық сипатындағы 7 301 сұраулар түсіп, оның 4 016-ы оң нәтижемен орындалды. Оның ішінде ТМД елдерінен 418 өтініш хат түсіп, оның 224-і қанағаттандырылды. Баламалы негізде тікелей архив мекемесіне – 1 141, мемлекеттік корпорация арқылы – 965, электронды үкімет порталы арқылы 5 195 сұраныс жүзеге асырылды.

«E-gov» электрондық үкімет порталы арқылы орындалған сұраныстардың үлесі 71%-ы құрады.

Қызылорда спортшылары үздіктер сапынан көрінуде

2022 жылдың 6 айында 683 бұқаралық спорттық іс-шаралар өткізіліп, оған 127 171 адам қатысқан.

1 халықаралық турнир, 9 Қазақстан Республикасының чемпионаты мен кубогы (волейбол, топтық эстетикалық гимнастика, тоғызқұмалақ, құсбегілік, конькимен мәнерлеп сырғанау, велоспорт, ауыр атлетика, грек-рим, еркін және әйелдер күресі, футбол), 20 республикалық және 86 облыс біріншіліктері мен турнирлер ұйымдастырылып оған 17 684 спортшылар қатысытырылды.

Жоғарғы білікті спортшылар және спорт резервін әзірлеу бағытында балаларға арналған 1 мектеп-интернат-колледжі, 1 облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебі, 1 олимпиадалық даярлау орталығы және 21 балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінде спорттың 48 түрімен 608 жаттықтырушы-оқытушы 21 161 спортшыны тәрбиелеуде.

Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде, облыс спортшылары  2022 жылдың 6 айында ҚР чемпионаттары мен кубоктарында 714 (195 – алтын, 197 – күміс, 322 – қола) медальдарды жеңіп алса, Әлем және Азия чемпионаттары мен кубоктарынан 126 (46 – алтын, 42 – күміс, 38 – қола) медальдарға қол жеткізді.

Сонымен қатар, 11 ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 42 ҚР спорт шебері, 429 ҚР спорт шеберлігіне кандидат, 44 І разрядты спортшылар дайындалды.

Халықтың спорттық нысандарға қолжетімділігін арттыру мақсатында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында биылғы жылға 7 спорт кешенінің құрылысын салу жоспарланды (Арал ауданы – Қамыстыбас, Аманөткел, Жақсықылыш ауылдары, Қазалы ауданы – Пірімов ауылы, Қармақшы ауданы – Жосалы кенті, Ақай ауылы, Жалағаш ауданы – Жалағаш кенті). 2022 жылдың I жартыжылдығында 1 спорт кешені іске асырылды. Яғни, Қазалы ауданы Қ.Пірімов ауылындағы спорт кешені құрылысы аяқталып, маусым айында пайдалануға берілді. Ал, 6 спорт кешенінің құрылысы жыл соңына дейін пайдалануға беріледі деп күтілуде.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: