Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Сыр әуені Еуропа төрінде шалқиды

23.03.2025, 21:38 163

Осы жылдың 24-27 наурызы аралығында аймақ басшысының қолдауымен қазақ халқының бай мәдени мұрасын әлем жұртшылығына таныстырып, ұлттық музыкамыздың жауһарларымен сусындату мақсатында Еуропаның Финляндия, Эстония және Испания мемлекеттерінде Қызылорда облысының өнер күндері өтпек.

Бір аптаға жалғасатын шығармашылық іссапар мемлекеттер арасындағы мәдени-рухани байланысты нығайтып, ұлттық құндылықтарымызды Еуропа төрінде ұсынуға үлкен мүмкіндік бермек.

Өнер иелеріне Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Мира Жомартқызы сәтті сапар, ақ жол тілесе, мәдениет майталманы Серік Ыдырысов ақ батасын берді.

Гастрольдік сапарға Қызылорда облыстық филармониясының басшысы Талғат Бақытбекұлы бастаған Сыр мәдениеті мен өнерінің насихатшылары, аймақтың руханият өкілдері, өнер ұжымдары мен әртістері аттанды.

Еуропаның үш бірдей мемлекетінде өтетін бірегей концертте «Ақмешіт» фольклорлық ансамблі (Жетекшісі – Нұрғиса Нұрбай), «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Руслан Ахметов, «Құрмет» орденінің иегерлері Шолпан Бимбетова, Самал Байсейтова, айтыс ақтаңгері, үш мәрте «Алтын домбыра» иегері, Қызылорда қаласының құрметті азаматы Мұхтар Ниязов, Мәдениет саласының үздігі Ақмарал Ноғайбаева, Марат Сүгірбай, халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаттары Бағдәулет Қарғабаев, Сымбат Тасбергенова, Мағжан Аманжолов, Ақылбек Табынбаев және Тоқтар Ағыраев (қобыз), Ақнұр Аманбаева (жетіген), Сәбит Ділдабаев (кахон), Алмас Альжанов (домбыра), Заманбек Нысанбаев (сыбызғы), Арман Төлеш (домбыра) өнер көрсететін болады.

Төл өнерімізді төрткүл дүниеге танытып, ел мерейін үстем ететін әріптестерімізге ақ жол, сәт сапар тілейміз!

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: