Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Сұлу Сырдан сазды сәлем!

12.09.2024, 16:20 52

Астанада V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында Қызылорда облысы өнерпаздарының «Сұлу Сырдан сазды сәлем!» атты этно концерті өтті.

Концерт Дәулеткерейдің «Көрғұлы» күйіне қойылған «Қазыналы қазағым» прологымен ашылды. Әрі қарай іс-шара «Қорқыт сазы» қобызшылар, «Ақмешіт» фольклорлық ансамбльдерінің сүйемелдеуімен, «Томирис» би ансамблінің биімен, Марат Сүгірбайдың жырымен, Руслан Ахметовтің төгілтіп айтқан термесімен жалғасты. Қорқыттың «Сарын» және Мұрат Сыдықовтың «Мұраттың төкпесі» күйлері көрермендердің, әсіресе шетелден келген қонақтардың қошеметіне бөленді.

“Тойбастар” көрінісінде Үміт Медеуова, Шолпан Бимбетова, Ақмарал Ноғайбаева, Майра Сәрсенбаева, Бейсенбек Төлеубаев, Әділхан Қуаңбаев Сыр сүлейлерінің шығармаларын орындап, Сырға ғана тән бекзада өнерді тағы бір асқақтатты. Ал, дәстүрлі әнші Б.Қарғабаев, классикалық ән орындау шеберлері С.Тасбергенова, М.Аманжолов, А.Табынбаев, А.Қойшығара халық әндерін, Абай әндерін, өңір композиторларының туындыларын тарту етті. Дүйім жұрттың қошеметіне бөленген концерт Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, жерлесіміз Елена Әбдіхалықованың «Сыр елім» атты әнімен түйінделді.

Концертке ҚР Мәдениет саласының үздігі Азиза Іздіқұлова режиссерлік етті.

Ұлттық өнеріміздің абыройы асқақтай берсін!

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: