Қазақтың ұлттық киімдері өзге халықтарға ұксамайтын өзіндік ерекшеліктерімен көшпелі тіршілікке сәйкес қалыптасқан. Қазақы киімнің барша сәнділігі оның ою-өрнегінде, әрбір әшекейінде халқымыздың тарихының, ой-дүниесінің қайталанбас көрінісі жатыр. Ерте замандардан бүгінге дейін өзінің қадір-қасиетін жоймай, қазақ қолөнерінің озық үлгісі ретінде ғана емес, әрі әсем, әрі ыңғайлылығымен де пайдаланудан қалмай келе жатқан ұлттық киімдеріміз жетерлік. Сондай-ақ, қазақ киімдері етек-жеңі мол, қарапайым, жұмысқа және жүріп — тұруға үйлесімді, дене сымбатын ашатын сәнді болып келген.
Осы орайда, Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №68 мемлекеттік мекемесінің ерікті жалдамалы қызметкерлері қазақтың ою-өрнегі белгіленген хамзол киіп, әшекей бұйымдарын тағып, мерекеге орай бейнеролик әзірлеп өз үлестерін қосты. Бұл дегеніміз, мекеме қызметкерлерінің бір бүтін ауызбіршілігінің нышаны екендігін көреміз.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!