Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылорда: Мәдениет саласында 22 жоба жүзеге асады

26.05.2020, 18:05 708

HALYQLINE.KZ Мәдениет саласы бойынша «Жұмыспен қамту 2020-2021» жол картасында 22 жобаны қамтиды. Бүгінде 21 жоба бойынша мемлекеттік сатып алу конкурстары аяқталып, мердігерлер анықталды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы Мира Абуова баяндады.

«Қазіргі таңда облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасы арқылы Шиелі аудандық тарихи-өлкетану музейі ғимаратының қосымша құрылыс жұмысына қайта конкурс жарияланып, жеңімпаз мердігермен келісімшартқа отыру жұмыстары жүргізілуде. Ал, облыстық филармония ғимаратының қосымша құрылыс жұмысына, Қазалы ауданындағы Ақсуат, Шиелі ауданындағы Жиделіарық елді мекендеріндегі 150 орындық ауылдық клуб құрылыстары мен Жаңақорған ауданындағы Түгескен елді мекеніндегі ауылдық клубты қайта жаңғырту жұмыстарына жеңімпаз атанған мердігер мекемелермен келісімшарт жасалды», – деді Мира Абуова.

Биыл облыстағы 3 мәдениет нысанына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Олар – «Қызылорда облыстық мемлекеттік архиві» КММ-нің Арал аудандық архиві филиалы ғимараты, Шиелі ауданы Бірлестік ауылындағы «Жаназар батыр» ауылдық мәдениет үйі және Жаңақорған ауданы, Жаңаарық ауылындағы ауылдық клубы. Сондай-ақ, ағымдағы жылы 14 жоба жөндеу жұмыстарына бағытталады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: