Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, ардагер әнші Мырзахмет Мұқаманов өмірден өтті. Қаралы хабарды Рамазан Стамғазиев әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды halyqline.kz тілшісі Alash.kz порталына сілтеме жасап.
Рамазан Стамғазиев марқұмның қазақ өнеріне қосқан үлесін атап өтіп, оның ұлттық ән өнерінің дамуына елеулі еңбек сіңіргенін жеткізді. Сондай-ақ ол Мырзахмет Мұқамановтың өзіндік үні мен сахнадағы дара болмысы арқылы ел жүрегінен орын алғанын айтты.
Әншінің айтуынша, марқұм саналы ғұмырын өнерге арнап, шәкірт тәрбиелеу арқылы қазақ мәдениетінің өркендеуіне үлес қосқан.
Фото: ашық дереккөз
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!