Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазалы ауданында Сыр сүлейі Ерімбет Көлдейбекұлының мерейтойы өтуде

07.11.2025, 13:55 112

Бүгін Қазалы ауданында Сыр елінің руханият әлеміндегі шоқтығы биік тұлғалардың бірі, жыраулық дәстүрдің көрнекті өкілі, шайыр – Ерімбет Көлдейбекұлының 175 жылдығына орай мәдени-көпшілік іс-шаралар өтіп, тарихи тұлғаның есімі ұлықталуда.

Тарихи-танымдық шаралар алдымен аудан әкімінің орынбасары Дәурен Тлеумбетов пен шараға арнайы келген қонақтардың қатысуымен Қазалы қаласындағы Қарасақал Ерімбет атындағы ескерткішке гүл шоқтарын қою рәсімімен басталды.

Шара барысында Сыр сүлейінің ескерткішіне салтанатты түрде гүл қою рәсімі өтіп, шайырдың рухына арналып құран бағышталды. Мұнан кейін қонақтар Қазалы қаласындағы Ғани Мұратбаевтың мемориялдық музейімен танысып, естелік суретке түсті.

Ерімбет Көлдейбекұлының 175 жылдық мерейтойы — бұл тек Қазалы өңірі үшін ғана емес, күллі қазақ әдебиеті мен өнері үшін айтулы тарихи белес. Ерімбет шайыр – Сыр сүлейлерінің алтын арқауын жалғаған, ұлттық поэзиямыздың көркемдік қазынасын байытқан ірі тұлғалардың бірі. Шешендігімен, терең танымымен, замана келбетін жырмен өрнектеген шеберлігімен елдің жүрегіне жол тапқан. Оның термелері мен толғаулары, дастандары – елдік пен ерлікке, ынтымақ пен имандылыққа үндеген құнды рухани мұра.

Айта кетейік, бүгін Қазалы ауданында тарихи тұлғаның мерейтойына орай ғылыми-танымдық конференция, республикалық жыраулар фестивалі мен бірқатар мәдени-шаралар өткізілмек.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: