Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қастеевтің қаламынан туған туынды

23.03.2021, 10:00 3762

Қылқалам құдіретімен қауышсақ…

HALYQLINE.KZ  «Сыншы сырын айтпайды, бүркітші шынын айтпайды» деген дана халқымыз. Бүркіт – есте жоқ заманнан-ақ ортаазиялық бүркітшілердің сүйікті құсы. Бүркітпен аң аулау қазақ халқы мәдениетінің ажырамас бөлігі болып келеді. Аң аулауға әдетте атпен шыққан құсбегілік атадан-балаға беріліп отырды әрі оған әркімнің қолы жете бермеді. Бүркіт бағып аң аулап, тіршілік кешкен ата-бабаларымыздың өмірін түрлі тарихи жайттар мен әдебиетіміз дәлелдеп береді. Соған қоса табиғатқа ғашық болып өскен Әбілхан Қастеев атамыздың да керемет өнер туындысы дәл осы сөзіме ұйытқы.

С.Айтбаев атындағы көркемсурет галереясының ең қымбат қазыналарының бірі, қазақтың әйгілі кескіндемешісі, график-суретшісі, қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушылардың бірі Әбілхан Қастеевтың туындысы – «Бүркітші». Суретшінің басқа жұмыстарындай осы жұмысында да әрбір бөлшекке көңіл бөлу, көңіл күй мен сезімді дәл беру тән. Картинада бүркітші мен бүркіттің назары олжаға бағытталған. Дөп дегенін дәлдеген бүркіттің бабы да келіскен, сурет өнерін осыншама жанымен түсіне   үлкен ғанибет.

Керілген бөз матаға майлы бояумен түскен тарихи картина 2014 жылы Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейі қорынан алынған болатын, қазірде галереяның жауһары десек те болады. Сурет – суретшінің жан дүниесін ашар кілті. Ал, Қастеевтей дара тұлғаның жан дүниесі – табиғат пен адамның арасын жалғаған алтын көпір.

Нұрай ОҢАЛ

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: