Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Патриот әнші

13.09.2023, 17:00 284

HALYQLINE.KZ

Иманғали Тасмағамбетов Алматыға әкім боп тұрған жылдары орынбасары Ғалым Боқашты шақырады.

– Ғалым, алда тілдер күні ғой. Әншілердің басын қосып, қазақ тілінің құрметіне бір концерт ұйымдастырып жібермедіңдер ме? Әншілер қанша сұрайды, сөйлес те сметаны жасап, маған әкел.

– Имеке, ұсынысыңыз орынды. Менің алып-қосарым бар. Әншілеріміздің барлығы танылса, қазақ тілінде ән айтып танылып жүр. Ендеше оған несіне смета жазып, әуре боламыз? Туған тілдің мерекесінде ән айтқаны үшін ақша сұрамайтын шығар?

– Әй, Ғалым, мынауың шынымен идея екен. Жақсы, сөйтіңдер. Бірақ гонорарсыз тегін концерт, ақша төленбейді деп басын ашып айтыңдар. Сосын бәрін бір жерге жинап, алдын ала сценарийлеріңді құрып, дайындықты бастай беріңдер.

– Жақсы, Имеке, – деп әкімнің кабинетінен шыққан бойда Ғалым Боқаш қазақ эстрадасының жұлдызы дейтін статусқа сай барлық әншілерге хабарласып, алдағы концерттің мән-жайын түсіндіріп, ертең әкімдікте кездесуге шақырады. Белгіленген уақытта залға «Қазақ тіліне арналған концерттің дайындығы осында өте ме?» деп Құдайберген Бекіш келген көрінеді. Одан басқа бірде-бір әнші бой көрсетпеген.

Бахтияр  ХАМИТ,

Фейсбуктегі жазбасынан алынды.

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: