HALYQLINE.KZ Ел арасында “әншілердің бәрі фонограммамен ән салып, ақша тауып, халықты алдап жүр, күн сайын бір әнші шығады” деген теріс түсінік қалыптасқан. Мен мұны көп жерде айтып жүрмін. Мысалы, екеуміз отырып барлық әншілерді санар болсақ, алысқа ұзай алмаймыз. Демек, “әнші” деген сөзді кім көрінгенге тіркей беруге болмайды. Ал, анау эфирде жүрген жас балалардың көбісі – шаш етектен шығындалып, өнерден өз орнын таба алмай жүргендер.
Енді фонограмма туралы аз-кем айтсақ. Жалпы, ол бұрыннан бар нәрсе. Ән тарихында өзіндік орны бар талай мықты деген өнер иелері де фонограммамен ән салды. Мен де өз деңгейінде қолданамын. Кейбір күндері бірнеше концерт беретін кездеріміз болады. Оның барлығын жанды дауыста айту мүмкін емес. Біз халықтың құлағын фонограммамен айтып әбден үйретіп тастадық. Содан болар кей әншілердің жанды дауыста айтқанын қабылдай алмай жатады. Егер фонограмманы алып тастаса, көптеген әншілердің дәурені аяқталғанымен қоймай, концерттің де деңгейі түсіп кетеді деп ойлаймын.
Әнші Өмірқұл Айниязовтың «Қазір алған атағың сахнаға
шақырған кезде ғана керек секілді» атты сұхбатынан үзінді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!