Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Облыстық жазба ақындар мүшәйрасы

27.08.2025, 17:30 240

Бүгін Шиелі ауданы Руханият орталығында ҚР Конституциясының 30 жылдығына орай «Ата Заңым – айбыным» атты жастар арасында облыстық жазба ақындар мүшайрасы өтті.

Жастардың поэзия жанрына деген қызығушылығын арттыру, өз Ата заңына деген мақтаныш сезімін үлгі ету, оның пәрменділігін насихаттау мақсатында ұйымдастырылған байқауға Қызылорда қаласы мен аудандардан 17 мен 35 жас аралығындағы 13 үміткерлер қатысты.

Облыстық жазба ақындар мүшайрасына ақын Күзембаев Талғат Айқынбайұлы, Шиелі аудандық «Өскен өңір» газеті редакциясының тілшісі Мадиярова Сұлушаш Бақтиярқызы, Шиелі ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Қасымов Жантас Инаятханұлы төрелік етті.

Қазылар алқасының шешімімен байқаудың бас жүлдесін қызылордалық Бексұлтан Санақұл жеңіп алса, І орынды шиелілік Әмірхан Елдар, ІІ орынды қармақшылық Диас Мустахимұлы, ІІІ орынды сырдариялық Ақерке Балманова, жаңақорғандық Сұлтанғали Дәулет пен аралдық Айгүл Күзенова иеленді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: