2023 жылдың 4 тамызында «Дзинтари» сахнасында СССР Халық артисі сазгер Раймонд Вольдемарұлы Паулстің концерті болады деп ешкім ойлаған жоқ еді, бір күн бұрын 3 тамызда 64 жыл бойы некеде бірге тұрған жары Лана қайтыс болған еді, осы Лана оның музасы болатын, шығарған әндерінің алғашқы тыңдаушысы да, сыншысы да бола білген сүйіктісінен айырылу 87 жастағы маэсторға оңай тимеді. Қазақтар Шәмшісін қалай жақсы көрсе, латыштар да Раймондты солай жақсы көретін және билет ақшасын да қайтарып алмай қайғысына ортақпыз деген болатын. ЖОҚ-деді маэстро концертті кейінге қалдырмандар, уақытында болады деді, 64 жыл бірге тұрған өмірлік қосағының денесі жер қойнына берілмей тұрып, концертті кейінге қалдырмауын естісе қазақ «ақшаға құнығып кеткен» деп айыптап шыға келер еді. Концерт басталарда маэстро залға қарап: «таныс әуенді естігенде еш қысылмай қол шапалақтай беріңіздер» деді. Концерт барысында ол сүйіктісі Лананы бір ретте аузына алған жоқ, соңында көрші тұратын актер Янис Кубилистің жақында 100 жылдық мерей тойы болғандығын айтуының өзінде үлкен мән жатыр еді, бұл қазақтың «тірі адам тіршілігін жасайды» дегеніне келетін, сол кезде бүкіл зал тұрып музыкасына адалдығын көрсеткені үшін орындарынан тұрып ұзақ уақыт бойы қол шапалақтап құрмет көрсетті. Ол өмір бойы Лана деп өтсе де, өз өнері мен халықты бірінші орынға қоя білді.
Бұндай жағдай ұлы өнер иелеріне ғана тән нәрсе, СССР халық артисі Хадиша Бөкеева спектакліне екі саған қалғанда күйеуінің қайтыс болғанын естігенде ешкімге де айтпастан өз ролін ойнап шығады, ал ойнағаны комедиялық роль болатын, актрисаның қайғысын бірге ойнаған әріптестері ғана білген еді. Эдит Пиаф концертке аз уақыт қалғанда Марсел Серданның қайтыс болғанын, Алла Пугачева концерттік гострольде жүргенде анасы қайтыс болса да өнері мен халықты бірінші орынға қоя білді. Жақсы музыка барлық халыққа ортақ Раймонд Паулстің «Миллион алых роз» әнін жапон халықы өздерінің ұлттық әніміз деп есептейді.
Бақытжан Абдул-Түменбай тарихшы,
журналист-дайджест
фото ашық дерек көзінен алынды
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!