Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Маржан сөз, қоңыр үн

27.02.2025, 13:00 58

Жастар арасында көркем шығармашылықты дамыту, облыс көлемінде өтетін мәдени шараларға талантты жастарды тарту мақсатында “Маржан сөз, қоңыр үн” атты концерт жүргізушілер байқауы өтті.


Байқауға облыс аудандары мен оқу орындарынан 13 қатысушы қатысты.

Байқау қатысушыларына Қызылорда облыстық филармониясының концерт жүргізушісі Амандық Жаппарбердиев, облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығының мамандары Ұлболсын Қылышбаева мен Мәлік Қонысбек қазылық етті.

Байқау қорытындысымен III орынды И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық колледжінің оқытушысы Утепова Арайлым, II орын Қазалы ауданы Әйтеке би кенті Ж.Жабаева атындағы №234 орта мектебінің мұғалімі Өмірбекқызы Гүлнұр, I орынды Арал ауданы Ақбай ауылы “Қызғалдақ” балабақшасының музыка жетекшісі Сержан Мағжан иеленді.

Барлық қатысушыларға арнайы сыйлықтар табысталды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: