Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Көркемсөз оқу байқауы

24.02.2025, 16:45 45

Бүгін Қазалы ауданы Роза Бағланова атындағы аудандық мәдениет орталығында ақын Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған «Абай оқулары» атты көркемсөз оқу шеберлерінің аудандық байқауы өтті.

 Байқаудың басты мақсаты – Абай мұрасын дәріптеу, мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, көркем әдебиетті насихаттау, оқушылардың көркемсөз оқу шеберлігін дамыту.

Байқауға 12-15 жас аралығындағы 16 талапкер қатысып, өнерлерін көрсетті. Шара барысында жас қатысушылар Абай өлеңдерін жатқа оқып, қара сөздерін мәнерлеп жеткізіп, ақын шығармашылығы жөнінде пікірталасқа түсті. Жас ұрпақтың өнерге, әдебиетке деген қызығушылығы ерекше екені байқалды.

Талапкерлер өнерін Қазалы қалалық балалар кітапханасының кітапханашысы Эльмира Шамет, «Қазалы» газеті редакциясының тілшісі  Серік Ақмырза және жас ақын, республикалық, облыстық ақындар мүшәйрасының жүлдегері  Нұрболат Төлеш бағалады.

Жарыс қорытындысы бойынша І орын Ерқожа Шамша Бекарыстан би ауылы, ІІ орын Аяжан Құттыбай Шилі елді-мекені, ІІІ орын Гауһар Шынжырбай Қазалы қаласы, Аягөз Жарылқасын Абай ауылы иеленді.

Сонымен қатар «Сөз шебері» номинациясымен Майдакөл ауылының талапкері Ақерке Сердалиева, «Үздік тапқыр» номинациясымен Кәукей ауылынан қатысқан  Ерасыл Қаржаубай марапатталды. 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: