Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Димаш Құдайберген Қырғызстанның «Халық әртісі» атанды

23.07.2025, 9:35 176

Әлемге танымал әнші Димаш Құдайбергенге Қырғызстанның «Халық әртісі» атағы берілді.

Бұл туралы halyqline.kz тілшісі El.kz интернет порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл оқиға 22 шілде күні «Мейкин Азия» фестивалінің жабылу салтанатында белгілі болды.

Қырғыз Республикасының президенті Садыр Жапаров тиісті жарлыққа қол қойды. Ал марапатты мемлекеттік хатшы Марат Иманкулов табыстады.

Айта кетейік, Димаш Құдайберген фестиваль қонақтарының алдында концерттік бағдарламасын ұсынды.
Фото: culture.akipress.org

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: