Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Белгілі театртанушы дүниеден өтті

02.04.2026, 15:20 54

Белгілі театртанушы, Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының тұңғыш ректоры Гүлжихан Жаныспаева дүниеден өтті, деп хабарлайды halyqline.kz тілшісі turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігі мәлім етті.

«Гүлжихан Әбуқызы ғибратты ғұмырын өнерге арнап, отандық театр өнерінің дамуына, саланың бірнеше буын майталмандарын тәрбиелеуге өлшеусіз үлес қосты.

Еңбек жолын 1955 жылы Мәдениет министрлігінде театр инспекторы қызметінен бастап, кейін Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік балалар мен жасөспірімдер театрының, Алматы мемлекеттік театр-көркемөнер институтының, бүгінгі Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының тұңғыш ректоры қызметтерін абыроймен атқарды. Қоғамдық өмірге де белсене араласып, бірнеше мәрте қалалық және аудандық кеңестердің депутаты болып сайланды.

Ұлттық мәдениеттің дамуына сүбелі үлес қосқан Гүлжихан Әбуқызының жарқын бейнесі, ғибратты ғұмыр жолы халық жадында мәңгі сақталады деп сенеміз.

Марқұмның жаны жәннатта, иманы саламат болғай», — делінген хабарламада.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: