Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Белгілі актер өмірден өтті

04.02.2026, 11:10 51

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, актер әрі режиссер Балтабай Сейітмамытұлы дүниеден өтті, деп жазады halyqline.kz тілшісі inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

– Балтабай Сейітмамытұлы саналы ғұмырын қазақ сахна өнеріне арнаған бірегей тұлға болды. Ол Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік балалар мен жасөспірімдер академиялық театры мен Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының алтын қорына енген көркем бейнелер галереясын қалыптастырды. Классикалық және заманауи драматургияны терең философиялық оймен, биік актерлік мәдениетпен сомдай білді. Ұлттық мәдениеттің дамуына сүбелі үлес қосқан өнер иесінің жарқын бейнесі, бай шығармашылық мұрасы мен ғибратты ғұмыр жолы халқымыздың жадында мәңгі сақталады деп сенеміз. Марқұмның жаны жәннатта, иманы саламат, топырағы торқа болсын, – делінген министрлік таратқан хабарламада.

Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: