Бүгін Шымкент қаласында өткен «Күміс домбыра» республикалық ақындар айтысында жерлесіміз Бексұлтан Орынбасаров Бас жүлдені жеңіп алды.
Айтыс ережесіне сай ақындар сахнада жеребе арқылы жұпталып айтысты. Төрт айналымда да суырыпсалма өнерімен үздік көрінген жас талант Сыр айтыс мектебінің мерейін үстем етті.
Айта кетейік, бұған дейін Сыр өңірі төрт мәрте «Алтын домбыра» жеңіп алған болатын. Мұхтар Ниязов үш рет жеңіп алса, Мейірбек Сұлтанхан өткен жылы жеңімпазы атанған болатын.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!